2025 жылға арналған күнтізбелік жоспардың 1.9-тармағы — КН ҒЖБМ-мен жасалған шарт бойынша «Жобалау алдындағы зерттеу, бастапқы деректерді жинау және өндірістің қолданыстағы деңгейін талдау» жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру және зерттеулерге қажетті материалдарды алу мақсатында.
2025 жылғы 24 қазанда «Казахмыс корпорациясы» ЖШС филиалы — «NURQAZGAN TAU-KEN ONDIRISI» бас директоры М.Ж. Үңгітбаев мырзаның және «Казахмыс корпорациясы» ЖШС цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Б.А. Құрманов мырзаның қолдауымен Нұрқазған байыту фабрикасына сапар жүзеге асырылды.

Сапарға бағдарламаның ғылыми жетекшісі, т.ғ.д., профессор А.А. Зейнуллин, бағдарламаның жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С. Нұрмағанбетов, бағдарламаның өндірістік процестерді автоматтандыру саласындағы сарапшысы, «AG TECH» ЖШС жобалық кеңсесінің директоры М.И. Айтиева, бағдарламаның сарапшысы, металлургия бойынша философия докторы (PhD), Қарағанды индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының доценті Н.Б. Айткенов қатысты.
Сапар барысында бағдарламаның ғылыми тобының қатысушылары кәсіпорындағы мыс кенін байыту өндірістік процесімен танысып, мыс кенін байыту процесінің тиімділігін арттыруға арналған бағдарламалық-аппараттық кешендерді (БАК) енгізу жоспарланып отырған жабдықтармен танысты. Сондай-ақ бағдарлама қатысушылары НБФ басшылығымен БАК орнату орындарын келісіп, қол жеткізілген уағдаластықтарды тиісті хаттамалармен және актілермен бекітті.
Добавить комментарий