ЗЕРТТЕУ ТОБЫ


Сабыров Ерхан Касымбекович

Сабыров Ерхан Касымбекович

Инженер

Жобаны іске асыру шеңберінде .NET платформасында серверлік қосымшаларды әзірлейді және сүйемелдейді, жүйелер архитектурасын жобалауға және сыртқы сервистерді интеграциялауға қатысады. Күрделі техникалық міндеттерді шешеді, код-ревью жүргізеді, әзірлеудің үздік тәжірибелерін енгізеді және технологиялық стекті таңдауға қатысады. Серверлік компоненттердің өнімділігін оңтайландыруды, тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде іске асырылатын шешімдердің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Ерхан Касымбекович Сабыров— AG TECH ЖШС жетекші инженер-бағдарламашысы, инженер-әзірлеуші, .NET платформасында жоғары жүктемелі серверлік жүйелерді құру және API әзірлеу саласындағы маман. Архитектураны жобалау, күрделі бизнес-логиканы іске асыру, сыртқы сервистерді интеграциялау және корпоративтік ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терең сараптамаға ие. Ерхан Касымбекович заманауи серверлік технологиялармен кәсіби деңгейде жұмыс істейді, өнеркәсіптік және корпоративтік қолдануға арналған тұрақты әрі масштабталатын шешімдерді жасауға қатысады. Жобаларда архитектуралық шешімдерге, алгоритмдерді әзірлеуге, өнімділікті оңтайландыруға және серверлік бөліктің сенімділігіне жауап береді. Оның тәсілі әзірлеудің үздік тәжірибелерін қолдануға, тұрақты код-ревьюге, автоматтандырылған тестілеуге және мониторингке негізделген, бұл бағдарламалық өнімдердің жоғары сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. ЭЕМ-ге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуге авторлық құқық туралы 1 куәліктің авторы болып табылады.

Білімі:

  • Astana IT University Бакалавриат: Software Engineering (2020–2023) Магистратура: Computer Science and Engineering (2023–2025)

Кәсіби тәжірибесі .NET-әзірлеуші (2021 жылғы сәуір — қазіргі уақытқа дейін) Жұмысының негізгі бағыттары:

  • жоғары жүктемелі серверлік жүйелерді әзірлеуге қатысу;
  • Smart Bridge сервистерімен интеграциялау;
  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), KAZTOKEN тетіктерін іске асыру;
  • серверлік ресурстарды оңтайландыру (CPU жүктемесін 80–90 %-дан 15–20 %-ға дейін төмендету);
  • .NET Core 3.1 және .NET 7.0 негізіндегі өнімдерді әзірлеу және сүйемелдеу;
  • командалық жұмыс және бағдарламалық өнімдерді әзірлеудің толық цикліне қатысу.

Волонтерлік қызметі:

  • QR-кодтарды пайдалана отырып, студенттік жатақханаға кіруді бақылау жүйесін әзірлеуге қатысу.

Ғылыми жарияланымы:

  1. Sabyrov Y. A Deep Reinforcement Learning Approach to Traffic Light Management // «Central Asian Scientific Journal». – 2025. - №2 (26) P. 251-259