ЗЕРТТЕУ ТОБЫ


Мылтыкбаева Лязат Аманбековна

Мылтықбаева Ләззат Аманбековна

Техник, т. ғ. к.

Жоба шеңберінде жоба технигі функцияларын орындайды, ғылыми-техникалық құжаттаманы дайындауға және сүйемелдеуге, материалдарды жинау мен талдауға, есептілікті дайындауға қатысады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру мәселелері бойынша сараптамалық-консультациялық қолдау көрсетеді.

Мылтықбаева Ләззат Аманбековна — металлургия, минералдық шикізатты қайта өңдеу, ғылыми-техникалық бағдарламаларды басқару және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы маман. Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми ұйымдарында ғылыми-зерттеу, сараптамалық және басқарушылық жұмыс бойынша 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Кәсіби қызметі барысында металлургия саласын дамытуға, жаңа материалдар мен минералдық шикізатты қайта өңдеу технологияларын жасауға, сондай-ақ инновациялық әзірлемелерді өнеркәсіпке енгізуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді іске асыруға қатысты.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру, ғылыми-техникалық сараптама жүргізу, инновациялық жобаларды сүйемелдеу және мемлекеттік даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша елеулі тәжірибеге ие. Әр жылдары ғылыми-зерттеу институттарында, ұлттық ғылыми-технологиялық ұйымдарда және «Ғылым қоры» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарып, ғылыми-техникалық сараптама, инвестициялар, инновациялық даму және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелеріне жетекшілік етті.

Білімі:

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті), металлургия факультеті
    Мамандығы: «Металлургиялық процестердің физика-химиялық зерттеулері»
    Біліктілігі: инженер-металлург

Кәсіби қызметі:

  • 1984–1995 жж. – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті: инженер, аға инженер, аспирант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер.
  • 1996–2006 жж. – Металлургия және байыту институты: кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
  • 2006–2007 жж. – «Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы» РМК, бас директордың орынбасары.
  • 2007–2010 жж. – «Жер туралы ғылымдар, металлургия және байыту орталығы» АҚ, вице-президент.
  • 2010–2015 жж. – «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2016–2025 жж. – «Ғылым қоры» АҚ: басқарушы директор, сараптама, инвестициялар және жаңа жобалар департаменттерінің, ақпараттық-талдау департаментінің директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі.

Негізгі құзыреттері

  • Ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды басқару.
  • Түсті және сирек металдар металлургиясы.
  • Минералдық шикізатты қайта өңдеу және жаңа материалдар алу.
  • Ғылыми-техникалық сараптама және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру.
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және сүйемелдеу.

Іске асырылған жобалар

  • Павлодар алюминий зауытының технологияларын жетілдіру бойынша ғылыми-техникалық жобаларға қатысу.
  • Қазақстанның кондициялық емес алюминийлі шикізатын қайта өңдеу және глинозем өндірісіне арналған импортты алмастыратын өнім жасау бойынша зерттеулер мен әзірлемелер.
  • «Кондициялық емес глиноземді шикізатты гидротермалды сілтілік шаймалаудың теориялық заңдылықтарын жасау» жобасының ғылыми жетекшісі (2003–2005 жж.).
  • Металдарды қорғауға арналған экологиялық таза коррозияға қарсы лак-бояу материалдарын жасау жобасының ғылыми жетекшісі (2006 ж.).
  • Сирек жер элементтерін бөліп ала отырып, алюмосиликатты шикізатты кешенді қайта өңдеу және мұнай мен газ конденсаттарының құрамы мен қасиеттерін болжау бойынша жобалардың ғылыми жетекшісі (2007–2009 жж.).
  • «Глинозем өндірісінің жартылай өнімдерінен нанодисперсті алюминий оксидін алу технологиясын әзірлеу» жобасының ғылыми жетекшісі (2012–2014 жж.).

Ғылыми жетістіктері

  • Ғылыми-зерттеу жұмысындағы өтілі – 30 жылдан астам.
  • 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
  • 3 алдын ала патенттің, 7 инновациялық патенттің және өнертабысқа 5 патенттің тең авторы.